«Арайлы Ақтөбеден – Елордаға!»
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» бағдарламасының аясында «Арайлы Ақтөбеден – Елордаға!» атты Ақтөбе облысының күндері облыс өнер шеберлерінің және шығармашылық ұжымдарының гала-концерті Конгресс-холл алаңында жалғасып, осы ғимаратта өтті.
Осы мереке барысында Қалалық көркемсурет лицейі елордаға ұлттық қолөнер бұйымдарын жеткізді. Оқушылардың таңдаулы «Алтын көрме» қорынан келеген жұмыстар Астана жұртышылығы мен жастарын үлкен рухани сезімге бөледі. Күз күнінің суығына қарамастан Конгресс-холл залына келген жастар мен үлкендер көп болды.
Ақтөбенің елордадағы жоғарғы оқу орнында оқып жатқан жастары облыс шеберлерінің көрмесін, қалалық көркемсурет лицейінің жұмыстары көрмесін тамашалады. Келген қонақтың бәріне ши тоқу, киіз басу өнерінің түпнұсқа жұмыстары табиғилығы және шынайылығымен таң қалдырды. Мерекенің алғашқы күні «Астана орталық саябағында» көркемсурет лицейі оқушыларының көрмесі саябақтың кіреберіс алаңында өткізілді. Қөркемсурет лицейінің педагогтері Б.У.Копжасаров, Н.А.Толстая БАҚ өкілдеріне сұбат берді.