Шығармашылық вернисаж - 2023
2023 жылғы 9 маусымда Ақтөбе облыстық өнер музейінің үлкен залында Қалалық көркемсурет лицейін бітіруші түлектерінің дәстүрге айналған «Шығармашылық вернисаж – 2023» атты оқушылардың қорытынды жұмыстарының көрмесі ашылды.
Көрмеге лицейдің 15-17 жас аралығындағы балалардың орындаған қолданбалы өнер, майлы бояу кескіндемесі, мүсін өнерінен жұмыстары қойылды.
Бітіруші түлектердің қорытынды жұмыс композициялары көркемсурет лицейінде алған көркемдік білімдерінің нәтижесі болып келеді. Балалардың орындаған жұмыстары әртүрлі тақырыптарда түрлі орындау техникасында: «Бурабай әсемдігі», «Қазақстан табиғаты», дарынды оқушы Шукенов Альберттің «Алаша тоқу қолөнері» майлы бояу жұмысы, Серікбаева Хадишаның «Ұлт ұстазы Ы.Алтынсарин» бейнесіне композиция, Қалабай Азаматтың «Ә.Бөкейханов» портреті майлы бояу техникасында орындалған ең үздік шығармалар. Жұмыстар отбасы құндылықтары, бейбітшілік, аңыз әңгімелер желісіне, салт-дәстүр, жалпы ұлттық құндылық тақырыптары, оқу натюрморты, т.б. еркін тақырыптардан құралды.
Жұмыстар екінші жартыжылдықта орындалып, оқу жылының соңында қорытынды жұмыстың қорғауы ретінде өткізілді. Графика, кескіндеме, мүсін өнері, сәндік қолданбалы өнер бағыттары бойынша қойылған жұмыстар көрерменнің назарын шуаққа бөлері сөзсіз. Шығармашылықты оятып шабыт келтіреді.
Барлығы 160 түлектің жұмысы көрмеде көрсетілді. Көрменің ашылу салтанатында Қалалық көркемсурет лицейінің директоры Альтина А.И. сөз сөйлеп, бітіруші түлектердің класс жетекшілері және келеген қонақтар өз алғыс ілтипатын білдірді. Қолөнерден жасалған жұмыстар ши тоқу өнері, киіз басу өнері, тоқыма, кесте төгу, гобелен бұйымдары өзінің нәзіктігімен және күрделілігімен ерекшеленеді.