Ақтөбе — алтын бесігім
Қалалық көркемсурет лицейінің ұжымы-қосымша білім беру педагогтері мен оқушылары 14,15 мамыр күндері қаламыздың туған күніне орай «Ақтөбе — алтын бесігім» атты жазғы шығармашылық маусымына белсенді қатысты.
Абай даңғылында (Абай ескерткіші алдындағы алаң), Сулы-Жасыл бульварда, Ғашықтар саябағында (Нанкомбинаты ауданы), Кереев көшесінде («Пушка» алаңы, Қалалық Мәдениет Үйі алдындағы алаңда оқушылар жұмыстарының жылжымалы көрмесін қала тұрғындарына тамашалауға ұсынды. Сонымен бірге педагогтер және жоғары сынып оқушыларымен қас қағым сәтте жедел сурет салу қызметі көптеген келушілердің көңілінен шықты. Қала тұрғындарына майлы бояумен жұмыс істеудің қыр-сырымен танысу да өте қызықты болды.
Әсіресе қаламыздың кішкентай балаларына нағыз суретшілер сияқты мольбертте бояулар және қылқаламмен бейнелеу өнеріне үлес қосқандары үлкен әсер қалдырды.
Қалалық көркемсурет лицейі педагогтары 28-29 мамыр күндері «Ақтөбе — алтын бесігім» атты қалалық іс-шаралар жұмысы аясында сондай–ақ, 1 - маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Қалалық мәдениет үйі алаңында балалармен асфальтта сурет салу шарасын ұйымдастырды. Шараға №9, №16, №26, №34, №35, №36, №37, №40, №47 жалпы орта білім беру мекетептерінің оқушылары белсенді қатысты.