38 – жыл өнерге қызмет
Қалалық көркемсурет лицейі 38-ші оқу жылын (2018-2019) зор ілтипатпен өнерге, көркемөнер шығармашылығына, балалардың шаттығына деген, қызмет ету жұмысын бастайды.
Бүгінде Көркемсурет лицейі қаламыздың тарихи мәдени орнына айналды. Балалардың көркем білім алуына, шығармашылық қабілетінің дамуына, әр баланың дарынын ашу лицейдің алға қойған мақсаттарының бірі. Қазіргі уақытта біздің шаңырақта 1200 жуық бала болса, олардың тұлға болып қалыптасуына 30 мұғалім қызмет етеді. Жаңа оқу жылы басталғалы лицей өмірі бояу түсі кеппеген үлкен жаңалықтарға толы.
Соның бір айғақтары жазғы демалыс болса да, педоготер «Степной Аккорд 2018» жазғы дала фестиваліне қатысып, белсенділіктерін танытты. 30 тамыз ҚР Конституция күні мерекесіне орай «ЮРТА» ОСДК саябағында» «Менің Отаным - Қазақстаным» тақырыбындағы көркемсурет лицейі оқушыларының көрмесі қала қонақтары мен балалар үшін мерекенің бір бөлігіне айналды.
Жаңалықтарғы толы оқу жыл басы Республикалық «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының көрме-байқауына оқушыларымыз Жұмашев Санжар, Байназар Амина, Мұрат Дәулет, Құтымова Айжан аймақтық іріктеу кезеңінің жеңімпазы атанып, қарашада өтетін республикалық көрмеге жолдама алды.
Сонымен бірге облыс басшысының бастамасымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында 20-21 қыркүйек күндері Ақтөбеде «Аналар слеті» өтті. Слет аясында «Ақтөбе дарын» ӨҒТҚББО ұйымдастырған «Анаға деген махаббат» тақырыбындағы балалардың сурет байқауында Серік Саламат және Құтымова Айжан жеңімпаз атанып, ұйымдастырушылар атынан Алғыс хат алса, және облыс әкімшілігі әрқайсысына 50 мың теңгеге сертификаттарын табыстады.
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбындағы педагогтардың кезекті тамыз кеңесінде Көркемсурет лицейінің директоры А.И.Альтина білім және ғылым Министрлігінен қосымша білім беру ұйымында жас ұрпақты тәрбиелеу мен дамытуда қосқан үлесі үшін министр Е.Сағадиевтің атынан «Алғыс хат» алды. Сондай-ақ лицейіміздің бірқатар қосымша білім беру педагогтері: Л.В.Бадикова, А.А.Амитова, Т.И.Прохорова және Е.Н.Малышева министрлік атынан Алғыс хаттар табысталды.
Бұл әрине мұғалімнің және лицейі қызметкерлерінің бірлескен еңбегі. Алдымызда атулы мереке ұстаздар күні келе жатыр, өз ұжымымызды осындай 38 жылдық өнерге деген қызыметімен ұлықтай отырып, лицейі әкімшілігі барша ұжымды ұстаздар күнінің төл мерекесімен құттықтайды! Шығармашылық табыс, әр отбасына аманадық береке, тәуелсіз еліміздің ұрпақтары білім нәрімен сусындана бере, елімзіде береке бірлік болсын дейміз!