Күзгі бейнелеу өрнектері
2015 жылғы 04-05 қарашада Қалалық көркемсурет лицейінің «Өрнек» шығармашылық шеберханасында қаланың жалпы білім беру мектептерінің бейнелеу өнері және технология пәнінің мұғалімдері, қосымша білім беру мекемелері көркемсурет бөлімдерінің шығармашылық пәндерінің оқытушылары мен мектепалды мекемелердің тәрбиешілері үшін «Бейнелеу өнері саласындағы инновациялық технологиялар» тақырыбында шебер-кластар өткізілді.
Шебер-кластарда Қалалық көркемсурет лицейінің шығармашылық пәндерінің мұғалімдері Амитова А.А, Толстая Н.А, Кожасарова Ж.С., Бегеманова М.У. қолданбалы өнер саласы бойынша өз шеберліктерін көрсетті.
Атап айтқанда, Амитова А.А. «Фольга қағазынан гүлшоғы/ Букет из фольги», Толстая Н.А. «Полимер сазы мен витраж бояулары арқылы кәдесый жасаудың үлгісі», Бегеманова М.У. «Сәндік құмыра», Копжасарова Ж.С. «Новогодний декор стеклянного фужера химической глиной» тақырыптарында шебер–кластар өткізді. Тыңдаушылар қауымы өткізілген шебер-кластардан үлкен әсер алғандығын айта өз пікірлері мен алғыстарында білдірді.
Барлық қатысушыларға Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Мухамбетова Ж.Ж. атынан сертификаттар берілді.
Больше фотографий смотрите на наших страничках в Facebook или Google+