МАМЫР МЕРЕКЕЛЕРІ - 2023

1 – мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылған қалалық іс-шарада «Қазақ халқына мың алғыс» стелла алаңында Қалалық көкремсурет лицейінің оқушылары ашық аспан аясында «Туған қала Ақтөбеге», бірлікке арналған тақырыпта пленэр жүргізді.
12-16 жас аралығындағы жиырмаға жуық оқушы шығармашылық жұмыстар жасады. Қалалық көркемсурет лцейінің педагогтері Калдыбаева Г.У., Қанат Ә. және директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Малышева Е.Н. іс-шараны ұйымдастырып, БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
28 мамыр күні Ақтөбе қаласының туған күнін мерекелеуге арналған Абай атындағы саябақ алаңында қалалық "ART FEST" фестивалі өткізілді. Осы шарада Қалалық көкремсурет лицейінің 12 -15 жас аралығындағы 30 жас суретшілер «Ақтөбе - менің сүйікті қалам» / «Келбетті Ақтөбе» тақырыбында шығармашылық жұмыстар жасады. Сондай-ақ белсене қатысып, үлес қосқаны үшін Қалалық көркемсурет лицейінің педагогі Копжасаров Б.Р. Ақтөбе қаласының әкімі М.Жөребеков атынан Алғыс хатымен марапатталды.
1 - маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Қалалық көркемсурет лицейі қалалық мерекелер шарасы аясында Тұңғыш Президент атындағы саябақта оқушылардың қолөнер жұмыстарынан көрме ұйымдастырды. Ақтөбе облысының әкімдігі мен облыстық білім басқармасы басшыларынан құралған топ жұмыстарды көріп, оқушылармен тілдесті. Барлық оқушыларға тәттілер таратылып, шараға қатысқан оқушылар "FlyTime" ойын сауық кешеніне сыйлық сертификатын алды. Қамтылған көркемсурет лицейінің балалар саны 30 оқушы.