Суретші қолтаңбасы

Автор: Қанат Ә.З.. Опубликовано в Социум

2023 жылғы ақпан айының 3-інде 1998 жылдары Ақтөбе қаласының елтаңбасы мен туының авторы атанған, сонымен қатар "Ақтөбе қаласының құрметті азаматы" атағы берілген КСРО суретшілер Одағының мүшесі Сағынтай Әлімбетовтың 70 жыл мерейтойына орай өткізілген еске алу кешінде лицейдің атынан жас мамандар барған болатын.

Аталған шара Ақтөбе қаласының Әлия Молдағұлова мемориалдық мұражайында өткізілді. Шараға қаламыздың өнер сүйер қауымы, студенттер, оқушылар мен туыстары қатысты. Суретшінің жұмыстарын көріп, шығармашыл жолдастарының әңгімесін тыңдап бір керемет әсер алып қайтты.

Сағынтай Әлімбетов 2018 жыл өмірден озған болатын, бірақ артынан қалған туындылары-кереметтей портреттері, қазақтың жазық даласының пейзаждары, қарағанда сол бір жерде болғандай сезім беретін майлы бояумен орындалған "Күзеу" атты жұмысы көптеген көрермендерге ұнайды. Барлық жұмыстар асқан шеберлікпен орындалған.

Шығармашыл жеке тұлға және педагог Сағынтай Әлімбетіов Нұрымбетұлы 1953 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Ол, 1977 жылы Алматыда көркемсурет училищесін бітіріп, 1977-84 жылдары Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінде және балалар көркемсурет мектебінде «Кескіндеме» және «Композиция» пәндерінен сабақ берген.

Қалалық көркемсурет лицейінің қосымша білім беру педагогтері Русановская С.В. балалар көркемсурет мектебінде, Альтина А.И., Елемесова Ж.А., Кучухидзе М.В. Қ.Жұбанов университетінде Сағынтай Әлімбетовтің шәкірттері болып, бейнелеу өнерінің қыр-сырын меңгерген.

1987 жылы КСРО Суретшілер Одағының мүшесі болып, Суретшілер одағының Ақтөбе облыстық ұйымының басқарма төрағасы болып жұмыс істеді. Суретші халықаралық симпозиумдар мен көрмелерге белсенді қатысты (Якутия, Тәжікстан, Қазақстан, Түркия, Германия) және өз оқушыларына көрмелерді жиі ұйымдастыратын.