Өнерге құштар жас дарын

Автор: Калдыбаева Гуляим Умбетяровна. Опубликовано в Социум

Өнерге құштар жас дарын

2019 жылдың 5 ақпанында Ақтөбе қаласындағы үш тілде білім беретін № 21 мектеп-гимназиясында Ақтөбенің 150-жылдық мерейтойына және Қазақстандағы Жастар жылына орай «Менің сүйікті қалам, Ақтөбе!» атты көрме өтті.

Көрменің басты кейіпкерлері № 21 мектеп гимназиясының Қалалық көркемсурет лицейінде тәлім алып жүрген оқушылар болды. Білім мен көркемөнерді қатарласа игеріп, ұштастыра алып жүрген жас дарындар лицейдің де, мектептің де мақтанышы болғай. Қалалық, облыстық, республикалықжәне халықаралық деңгейлердегі байқаулардың жеңімпаздары, көрмелердің және түрлі шаралардың қатысушылары – Серік Саламат, Зозуля Оксана, Шаимова Адина, Әділхан Нәбира, Күлімжанова Інжу, Даутов Архат — оқуда озат, өнерге құштар оқушылар ретінде мектептегі ұстаздары мен мектептестерінің көзайымына жұмыстарын шығарды. Жеткен жетістіктері мен сурет салу өнерінің сырлары туралы бірнеше сөз айтты. Көрмедегі жұмыстар жиналған қауымның көңілінен шығып, бірі таң қалдырса, енді бірі ой салды, және де ең бастысы суретке деген қызығушылықты тудырды.

Лицей тәлімгерлерінің осындай көрмесінің ұйымдастырылуы, олардың шығармашылығын кең көрермен алдына көрсету — оң талпыныс көрінісі, сонымен қатар, «Жастар жылы» деп жарияланған жылға орай ұйымдастырылған маңызды шаралардың бірі.

Бұл көрме — өнерлі оқушыларымыздың бейнелеу өнерінің қыр-сырын игеру, өнегелі тәрбие алып, бойындағы тылсым дарындылығын ашу жолындағы бастапқы қадамдарының бірі болмақ. Үлкен жол тәй-тәй қадамнан басталады, сондықтан, қанаты жаңа жайылған жастарға бұл шараның маңыздылығы мол. Көркемсурет лицейі үшін бұл көрме әлпештеп өсірген, қолдарына қылқалам ұстатып, ойларына көркемсуретке деген сүйіспеншілік ұялатқан оқушыларының жетістіктерінің көрінісі, шексіз мақтанышы.

Өнерге құштар жас дарын Өнерге құштар жас дарын Өнерге құштар жас дарын