Қосымша білім беру жүйесін жаңғырту — қоғамдық сананы құру

Автор: Копжасаров Бакыт Уристемович. Опубликовано в Социум

imagesЕлбасы жолдамасының «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 — білімнің үлесі» адами капиталды жақсарту екені бәрімізге аян. Жолдау аясындағы білім беру қызметкерлерлерінің қалалық қосымша білім беру ұйымдары директорларының секциялық тамыз отырысы 22 қыркүйек күні болып өтті.

«Қосымша білім беру жүйесін жаңғырту арқылы қоғамдық сананы құру» тақырыбындағы отырыс Қазанғап атындағы өнер мектебінің ауласында дәстүрден тыс ерекше нақышта, алты қанат киіз үй алаңында өткізілді. Модератор қалалақ ғылыми әдістемелік орталық директорының орынбасары Ж.  Д. Нурғалиева секциалық отырысты ашып, жоспар мен бағдарламасын таныстырды.

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатындағы «Жайдарлы жаз — 2017» қалалық фестивалінің қорытындысы айтылып, қала әкімдігінің атынан мәдени іс-шаралардың өтуіне үлесін қосқан педагог қызметкерлерге Алғыс хаттар берілді. Солардың қатарында Көркемсурет лицейінің директоры А. И. Альтина және директордың орынбасары Б. У. Копжасаровта болды.

Педагог қызметкерлерді құттықтай отыра, жаңа оқу жылда білімді шәкірттер мен еңбектеріне табыс тілейміз!