«Білімді ел – Мәңгі ел»

Автор: Копжасаров Бакыт Уристемович. Опубликовано в Социум

image29 тамыз 2016 жылы, қаламыздың «НұрАқтөбе» мөлтекауданында оқушыларға білім есігін айқара ашқалы тұрған жаңа мектепте дәстүрлі түрде білім беру қызметкерлеріне арналған «Білімді ел – Мәңгі ел» тақырыбында тамыз конференциясы өтті.

Тамыз конференциясы аясында қаламыздың қосымша білім беру мекемелерімен бірге Қалалық көркемсурет лицейі де жаңа мектепке өз тартуын жасады. «Тәуелсіздік тірегім - 25 жыл!» атты оқушыларымыздың қолданбалы өнер туындыларынан құрылған жаңа жұмыстарды көпшілікке көрмеге койды.

Сонымен бірге оқушыларымыз Орынова Айдана, Алитурлиева Минара, Қосдаулетова Тамила жанды портрет салу өнерінде өз шеберліктерін көрсетіп көпшілік көңілінен шықты.

Тамыз педагогикалық кеңесінде көркемсурет лицейінің қосымша білім беру педагогі Биканова Г.Д., директордың орынбасарлары Копжасаров Б.У. және Тургалиев А.З., көркемсурет лицейінің директоры Альтина А.И. жаңартылған мазмұнды білім беру бағдарламасының жаңа бағыттары мен ұстанымдарын, инновациялық әдістері мен оқу жылының мәселелеріне ақпарат алмасты.