Наурыз - көктем мерекесі!

Автор: Копжасаров Бакыт Уристемович. Опубликовано в Социум

imagesКүн мен түн теңелетін күн, төрт түлік мал төлдейтін, табиғаттағы барлық жәндіктер мен өсімдіктерге жан бітетін ай – Наурыз.

Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек.

Көктем мерекесін Қалалық көркемсурет лицейі ұжымы жылдығы дәстүр бойынша ерекше атап өтті. Көркемсурет лицейі оқушылары ұйымдастырған концерттік бағдарлама, кластар арасында ауылдар ұйымдастырылып тәлім-тәрбиелік, қонақжайлық пен өнегені көрсетті. Сонымен бірге кіреберіс есік алдына ұлттық қолөнер туныдыларынан «Көктем өрнектері» атты көрме мерекенің нышанын көркейтті.

Қала тұрғындары үшін осынау көктем күні орталық алаңда, облыстық білім басқармасының ақшаңқан киіз үйдің ішкі өрнектерін көрермендер үшін көркемсурет лицейі оқушыларының үздік қолөнер туындылары толықтырылып, көпшілікке көрсетілді. «Мега» ОСО-да Қалалық мәдениет бөлімінің және көркемсурет лицейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қылқалам шебері» атты көпшілік балаларға арналған сурет байқауы ұйымдастырылды.

Барлық суреттерді үлкен өлшемде арада біздің беттерімізде қарайсыңдар Facebook немесе Google+