Тәуелсіздік тұғыры - мәңгілік ел!

Автор: Копжасаров Бакыт Уристемович. Опубликовано в Социум

imagesЕл тәуелсіздігінің 25 жылдығы меркелеу аясында «Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты Қалалық көркемсурет лицейі көрме залында мерекелік іс-шарасы болып өтті.

Ақтөбе облысының Әділет департаментінің және Қалалық көркемсурет лицейінің ұйымдастыруымен, қалалық қосымша білім беретін ұйымдары және көркемөнер бөлімдері оқушылары арасындағы «Балалар – қалаға, Балалар – елге» атты сурет байқауының қорытындысы жарияланды. Байқау кіші жас санаты (11-12 жас), орта жас санаты (13-15жас) және жоғарғы жас ерекшелігімен (16-18 жас) өткізілді. Байқауға 102 жұмыс қатысты.

Жұмыстар келесі оқу орындарынан қабылданды: Қалалық көркемсурет лицейінен, Балалар және жасөспірімдердің шығармашылық Үйінен, Қалалық оқушылар Сарайынан, Қалалық жас туристер стансасынан, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының орталығынан, есту қабілеті бұзылған балалар үшін Ақтөбе облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернат-колледжінен, «Ақ желкен» аула клубынан, № 21, 22, 23, 31, 40, 53 орта мектептрінен, Ясное ауылындағы Ақтөбе орта мектебінен.

Жүлдегерлер 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен Ақтөбе облысы әділет департаментінің бөлім басшысы Убишев Тимур Жұбанышұлы Алғыс хаттармен марапаттады. Барлық қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттар алды.

Барлық суреттерді үлкен өлшемде арада біздің беттерімізде қарайсыңдар Facebook немесе Google+