Шығармашылық одақ: шәкірт пен ұстаз

Автор: Копжасаров Бакыт Уристемович. Опубликовано в Социум

Выставка Союз творцовҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекелеу бойынша, Тәуелсіздіктің 25 негізіне арналған 25 тақырыптық күн аясында Қалалық көркемсурет лицейі және облыстық өнер мұражайымен бірлесіп «Шығармашылық одақ: шәкір пен ұстаз / Союз творчества: учитель & ученик» атты ҚКЛ оқушыларының және ұстаздарының соңғы кездегі үздік жұмыстарының көрмесі ашылды.

Көрмеге қала тұрғындары мен қонақтары және көркемсурет лицейінің бір топ шығармашылық ұжымы келді. Алғы сөз Қалалық көркемсурет лицейінің негізін қалаушы, ҚР білім беру саласының үздігі Клявина Инна Михайловна өз лебізін білдірді.Сондай ақ Қалалаық көркемсурет лицейінің директоры А.И.Альтина сөз сойледі. Көрмеге әр-түрлі жанрдағы кескіндеме, графика, сәндік қолданбалы өнер бағыты бойынша 70-ке жуық жұмыстар қойылды.

Көрменің ашылу салтанатында біздің кішкентай бүлдіршініміз Тажен Нұрасыл сәлемді әнімен келген көпшіліктің қошеметіне ие болды.