Күзгі шабыт

Автор: Таженова Лейла Мырзалиевна. Опубликовано в Практика

images2017 жылдың 27 қазан мен 2 қараша аралығында Ақтөбе қаласының Қалық көркемсурет лицейі бір топ оқушылары Алматы қаласында өткен заманауи өнер мен дизайнға арналған «Fusion» республикалық пленэр-мастер-классқа қатысты. Алматы шебер-класқа қатысушыларды өте жылы, керемет ауа-райымен қарсы алды. Қатысушылар Медеу таулы мұз айдынының жанындағы «Medeu Hotel Almaty» қонақ үйінде орналасты.

Алматыда өткен күндер аралығында балалар әр түрлі шебер-кластарға қатысып, ұмтылмас әсер алды. Ақтөбе қаласынан келген суретші, график, экслибрист, гравер, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі – Жақсыгарина Марзия «Экслибрис» тақырыбына шебер-класс өткізді. Бұл шебер-класта балалар өз туындысын қағазға басып шықты. Кешкі уақытты балалар Медеу мұз айдынында сырғанақ теуіп, қызықты өткізді.

Келесі күні қатысушылар 1931-1933 ашаршылдық құрбандарына арналған «Қарағайлы» саябағындағы ескерткішке гүл қою рәсіміне қатысты. Кейін, Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінің бойында өткен Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының мүшелерімен бірге «Оқушыдан мастер-ге дейін» атты пленэріне қатысты. Ал кешке, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында «Махаббат туралы аңыз» балетін тамашалады.

images images images

Ең маңызды шебер-кластардың бірі - Алматы қаласындағы атақты сәнді киім дизайнері - Аида Кауменова өткізген «Киім жинағы» атты шебер класына қатысып, өздеріне арнап киім әшекелейтін сәнді бұйымдар жасады. Шебер-класта дизайнер өзінің шеберлігі мен сәттілігінің құпияларын ашып, кеңес берді.

Өткізілген шебер-кластырының ішінде балалар әсіресе «Тиффани техникасында витражды жасау» шеберлік-сыныбы ерекше әсер қалдырдып, жүректерінен орын алды. Техника қиын болғанымен, балалар оны тез меңгеріп, әйнектерден кішкентай сувенир жасап алды. «Алматы хайуанаттар бағына қош келдіңіздер» акциясына қатысып кейін ЮНЕСКО-ның «Балалар әлемді бейнелейді. Қазақстан» сериясының тұсаукесерінде болды.

Осылайша, көк желекке бөленген мерейлі Алматыда өткен бұл пленэр-шебер-класы ұмытылмас ерекше әсерлер мен құнды тәжірибенің көзі болды.

images images images