1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

Автор: Копжасаров Б.У.. Опубликовано в Новости

День защиты детей

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қалалық көркемсурет лицейі қалалық мерекелік іс-шаралар аясында кішкентайларға қуаныш сыйлау дәстүрлі жұмысын жалғастырды.

Қалалық мәдениет бөлімімен қалалық іс-шаралар аясында Тұңғыш Президент атындағы саябақ алаңында «Менің отаным – Қазақстан», «Менің достарым», «Менің жанұям» тақырыптарына асфальтта сурет салу байқауы өткізді.

Сондай-ақ Қалалық көркемсурет лицейі оқушыларының шығармашылық жұмыстары 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні аясында «Жәрдем-3030» қайырымдылық қоры ArtLab Халықаралық көркемсурет галереясымен бірлесіп Ақтөбе, Алматы қалаларынан 102 балалардың шығармашылық жұмыстары, соның ішінде (Қалалық көремсурет лицейі оқушыларының жұмыстары) ArtLab Халықаралық көркемсурет галереясында мүмкіндігі шектеулі балалардың игілігі үшін сатылым акциясына қойылды.

Көркемсурет лицейінен барлық қатысқан оқушыларға «ArtLab» Халықаралық көркемсурет галереясы атынан Алғыс хаттар мен қаламыздағы «Аквапарк» және «Yurta Park» орталығына бір реттік жолдамалар берілді.