Ақтөбе – алтын бесігім!

Автор: Калдыбаева Гуляим Умбетяровна. Опубликовано в Новости

Ақтөбе – алтын бесігім

2021 жылдың 14 мамырында Ақтөбе қаласының ашық алаңдарында «Ақтөбе – алтын бесігім» атты жазғы шығармашылық маусымының тұсауы кесілді.

Қалалық көркемсурет лицейі аталмыш шараға өз үлесін қосты және қаланың 5 ашық алаңында, атап айтқанда Қалалық мәдениет Үйінің алаңында, Абай ескерткішінің маңында, сулы-жасыл бульварда, Ғашықтар саябағында, Кереев даңғылығында, лицейдің оқытушылары тұрғындарға өз өнерін паш етті. Майлы бояудың қыр-сырын көрсететін лицей оқушылары жазған жұмыстардан жинақталған көрмеден бөлек, Қалалық көркемсурет лицейінің ұстаздары таза ауада сурет салу шеберлігімен қызықтырды.

Бейнелеу өнерінің тың сырына ортақтасуға барлық тұрғындар шақырылды. Жасы мен кәрісі – барлық жиналған қауым бояумен, қарындаштармен қызыға жұмыс жасап, бірлесе жұмыс жасады. Көрермендер бұл көрініске тамсана қарап, белсенді ат салысты. Халықтың демалыс күндерінде мәдени тұрғыдан демалуға, өнерге жақындасуына бағытталған шара жаз айларында да жалғасатын болады. Ал біздің жұртшылыққа көрсететін өнеріміз әлі де көп. Қаламыз көркейе берсін!