Дипломдық жоба қорғаудағы жаңа ерекшеліктер
2019-20 оқу жылының соңында ғаламды жайлаған індетке байланысты баршамызға білім алуды қашықтықтан жүргізу міндеті қойылды. Қалалық көркемсурет лицейінің 4 класс және 6 класс оқушылары дипломдық жоба жұмыстарын қашықтан жүргізіп, жаңа форматта білім беру үрдісіне көшті.
Композиция, мүсін өнері сабақтарынан орындалатын дипломдық жоба жұмыстары жылдың басында әр оқушыда білікті педагог құрамынан құрылған комиссия мүшелерімен бекітілген болатын. Тақырыптардың кең ауқымдылығы мен жұмыстың әр түрлі техникада орындалуын, сонымен қатар атаулы жылға байланысты мерейтой мен жалпы тақырыптар алынды.
Қашықтықтан оқыту бойынша жүргізілген әдістемелік жұмыстар нәтижесінде әр оқушы дипломдық жұмысының түпнұсқасын орындай отыра, оған қоса жобаны қорғау бойынша бейнероликтер түсіру талап етілді. Бейнеролик жұмыстың тақырыбы мен мазмұнын баяндайтын қысқа метражда орындап алдын ала почта арқылы жіберілді. Дипломдық жоба жұмысын қорғау бейнероликтің сүйемелдеуімен жүргізілді. Ерекшелігі сол оқушылар өздерін жаңа қырынан ашып, бейнероликте жұмыстың тақырыбы орындалу ерешелгі, тарихы, әсерлеп, мәнерлеп жеке дара әр-түрлі жеткізуі біз үшін жаңа жаңалық болды.
Бұл жерде балалар цифрлық мүмкіндіктерді игеріп, бейне түсіріу, монтаждау, көркемдеу түрінде өз дипломдық жұмыстарына жан бітіріп, шығармашылықты онан әрі түрлендірді. Жоба қорғау сәті әр баланың жаны тұнған дара, дарын екеніне тағы бір көзіміз жетті.