Түлектер 2020

Автор: Копжасаров Бакыт Уристемович. Опубликовано в Новости

Ақтөбе көркемсурет лицейінің директоры Альтина А.А.

2019-2020 оқу жылында Көркемсурет лицейінің түлектерінің куәліктерді салтанатты тапсыру рәсімі сәл өзгеше жүргізілді. 12 және 15 маусым күндері бітіруші түлектерге барлық сантитарлық талаптарды сақтай отырып куәліктерін салтанатты тапсыру шарасы өткізілді.

Көркемсурет лицейінің директоры А.И.Альтина алдыңғы құттықтау сөзін сөлей келе, класс жетекшілер оқу жылдарын еске алып, бітірушілерге ақ жол тілеп құттықтады.

Лицейдің 4-класс (бірінші деңгейі) және 6-класс лицейдің толық курсын аяқтағандығын растайтын құжатты беру тек ата-анасыз оқушылардың өздерін қабылдаумен орындалды. Ағымдағы жылы 4-кластар бойынша 121 түлек бітіріп шықса, жоғарғы санат 6-кластар 39 оқушы болды.

Веб дизайн негіздері курсын аяқтағаны туралы куәліктерді ұсыну19 маусымда студенттерге «Веб-дизайн негіздері» мамандандырылған курсын аяқтағаны туралы сертификаттар тапсырылды. Оқу жылында веб-интерфейстерді жобалау негіздерін игерген, HTML5 және CSS-ті меңгерген, VS Code бағдарламасында және Фигма интернет-сервисінде жұмыс дағдыларын игерген, сонымен қатар Контентті басқару жүйелерімен (CMS) танысқан студенттер құжатты алды.

Ал, түлектер сурет салу өнерінің қыр сырын үйреткен, кәсіби шығармашылыққа дайындаған ұстаздарына алғыс айтып, игі тілек пен лебіздерін білдірді.