Ерекше мереке

Автор: Садуақасова Клара Кенжебаевна. Опубликовано в Новости

Выставка детского рисунка «За все благодарю»

Қалалық көркемсурет лицейінде Алғыс айту күніне орай оқушылармен сынып жетекшілері осы мереке туралы әңгімелер өткізді. Алғыс тек жақын адамдарға емес, сонымен қатар бейбітшілік өмірімізге, қоршаған ортамыз-табиғатқа, сүйікті ісімізге, достарымызға білдіретін ықыласымыз екені туралы, достарымыз әр ұлт өкілдері екені туралы, сондықтан биылғы жылы Алғыс айту күні мен Қазакстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойы қатар келіп отырғаны туралы айтылды.

Көркемсурет лицейінде композиция сабақтарында барлық сыныптарда оқушылар адамгершілікке, түрлі халықтардың салт-дәстүрлеріне, татулығы мен келісіміне, мерекелерге, тарих өткелдеріне, табиғаттың әсемдігіне, бейбіт аспан астындағы бақытты балалық шаққа арналған тақырыптарға таңдаған техникаларында жұмыстар орындайды.

Лицейдің бірінші қабатында оқушылар және ата-аналар назарына Алғыс Күніне арналған сол жұмыстардан көрме қойылды.

Оқушылар жұмыстарының «Менің сүйікті отбасым», «Менің қалам», «Ардагерлерді ардақтайық», «Менің Қазақстаным», «Наурыз тойы-береке», «Отбасыммен серуен» сияқты атаулары мен мазмұны өте тартымды және сүйіспеншілікпен орындалғаны көрермендердің көңілінен шықты.

Жұмыстарды жалпы сипаттай келе, оқушылар кішіге ізет, үлкенге құрмет, Отанға, отбасына деген сүйіспенішілік, адамдар арасында мәйірімді, қайырымды болуға тәрбиелейді, татулық пен келісімге шақырады.