Кел, Жаңа жыл, төрлет!
Жылдағы дәстүр бойынша Қалалық көремсурет лицейінде жаңа жылдық мереке сәндеу, безендіру, көркемдеумен, ең бастысы – көрме залына жасыл шыршаны орнатумен басталды.
Көркемсурет лицейі бүлдіршіндерін сондай ғажайып әлемге бөлеу үшін біздің лаборант қызметкерлер, мұғалімдер, сондай-ақ жоғарғы кластың оқушылары ат салысты. «БШД» Радуга топтарының бүлдіршіндері үшін Жаңа жылдық қойылымдар 25-27 желтоқсан аралығында өткізілді.
Жаңа жылдық ертеңгілікті 6 «а» қазақ класы, жетекшісі Н. М. Курманова бастаған топ қойылымның алғашқы күнінде көптің қошеметіне бөленді. Ертеңгіліктің екінші күнгі қойылымы жетекші Т. Ы. Искаковтың 6 «Б» класы орыс тобындағы бүлдіршіндерге эмоция мен сиқырға толы көңіл күйді сыйлады. Қызыққа толы жаңа жылдық ертеңгілікті 6 «В» класы жетекшісі Б. Б. Кусалиеваның тобы үш кезеңде мерекені өткізді.
Балалар үшін қойылымдар өте ерекше, қызықты, әр кластың өткізген қойылымдары мен бағдарламалары бір-бірімен қайталанбай, жоғары кәсіби деңгейде өткізілді. Мерекелік костюм, толқыныс, әсерлі әуен, кештің безендірілуі, кейіпкерлердің бет бейнесі мен образы, барлық көріністер бүлдіршіндерге тек ғажайып әсерді сыйлады. Бүлдіршіндер үшін арналған мерекеге келген ата-аналар қошеметтері, лебіздері мен ыстық ілтипаттарын білдіріп жатты.
ҚКЛ-і ұжымы осындай ғажайып шырша мерекесінде балаларға өз актерлік өнерлерін көрсеткен 6 «а», 6 «б», 6 «в» сынып оқушылары мен жетекшілеріне шексіз алғысын айтады.