Дарынды бала — дара бала

Автор: Копжасаров Бакыт Уристемович. Опубликовано в Новости

Құтымова Айжан және Мұрат Дәулет

2019 жылдың 18 желтоқсаны «Ақтөбе–Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Республикалық халықаралық байқаулардың жеңімпаздары «Дарынды бала — дара бала» атты салтанатты марапаттау шарасында Қалалық көркемсурет лицейінің оқушылары Құтымова Айжан және Мұрат Дәулет Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілханұлының Алғыс хатымен және ақшалай сертификатымен марапатталды.

Республикалық халықарылық байқаулар жеңімпаздары 30 000 тенге көлемінде және бірнеше дүркін жеңімпаздар 50 000 тенге көлемінде ақашалай сертификатқа ие болды.

Мұрат Дәулет 2018 жылдың «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме–байқауының жеңімпазы, Құтымова Айжан Ақтөбе облысында Л. М. Таженова мен Айжан Құтымоваөткізілген Республикалық «Анаға тағзым» форумы аясындағы «Бояуымның түстері өзіңсің — Асыл ана!» атты балалар мен жасөспірімдер көркемсурет шығармашылығы байқауының жеңімпазы. Жас өркен дарындарымызды құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!

Осындай елеулі жетістіктерге оқушыларды білім беріп, шығармашылық ізденісте тәрбиелеген, жеңіске жетуіне ықпал еткен жетекшілері, Қалалық көркемсурет лицейінің шығармашылық пәндері мұғалімдері: Л. М. Таженова, мен Б. У. Копжасаровты атап өткіміз келеді. Жас ұрпақты тәрбиелеуде еңбектеріңіз жана берсін!