Құтты мекен Ақтөбеге 150 жыл

Автор: Нурсулу Омарова, Мөлдір Ардаққызы Қыңыртаева. Опубликовано в Новости

Құтты мекен Ақтөбеге 150 жыл

Ақтөбе қаласы күннен күнге өркендеп келе жатқан қалалардың бірі. Қаланың іргетасы 1869 жылы ақ төбенің басындағы бекіністің негізінде қаланған болатын. Міне, Ақтөбе қаласына 150 жыл толып отыр. Біз өз қаламызбен мақтанамыз!

Ақтөбе қаласына арнап «Құтты мекен Ақтөбе» атты шағын ғана концертімізді өткіздік. Ата-аналар, ұстаздар, оқушылар көрермен болды. Ең бірінші «Радуга» БШД 8 «А» топ оқушылары жетекшісі қыңыртаева Мөлдір Ардаққызының бүлдіршіндері Ақтөбе қаласына арнап тақпақтарын айтты, Нурсулу Омарова, Мөлдір ҚыңыртаеваРадуга 10 «Б» топ оқушылары; Туменова Сатти және Бисембі Алия өздерінің билерін ұсынды, домбырамен Адамбай Медина күй тартты. 9 «А» топ оқушысы Басжанова Амина «Ақтөбем достарым» деген әсем әнді көрермен алдында шырқатты.

Мерекелік концертіміздің соңында 8 «Б» топ оқушыларының жетекшісі – Омарова Нурсулу Абайқызының бүлдіршіндері Ақтөбеге арнап өлең шумақтарын айтты. Ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер бүлдіршіндердің өнеріне тәнті болды. Балалар жоғарғы сынып оқушылары балаларының жұмыстарынан ұйымдастырылған көрмеге қатысып, естелік суретке түсіп, қызықты мерекеміз қуанышты сәттермен аяқталды.