Қанаты талмас жас талап

Автор: Таженова Лейла Мырзалиевна. Опубликовано в Новости

Сармузина АйсулуСармузина Айсулу — Қалалық көркемсурет лицейінің 5 «А» класс оқушысы. Айсулу лицейге 2013 жылы 1 классқа оқуға түсті.

Суретке деген қызығушылығы мен құштарлығының арқасында көптген байқауларда бағын сынап, жетістіктерге жетуде. Мысалға, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақтардың дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнері» атты Халықаралық шебер-класына қатысып, біршама тәжірибе жинады. Лицейдің 3 класында «Линогравюра» техникасымен танысып, жетік меңгеріп жасаған туындысы Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы ұйымдастырған «Балалар әлемді бейнелейді. Азия 2015-2016» атты халықаралаық байқау-фестиваліне қатысып, альбомдық серияға басылып шықты. 2016 жылы Қазақстан XIII Ұлттық Дельфий ойындарының облыстық іріктеу кезеңінде беделді ІІ орын иегері атанды.

Айсулу суретке ғана емес, қолөнерге де икемі бар оқушы, оған дәлел 4 класта кілем тоқу – «Гобелен» техникасын жетік меңгеріп, дипломдық жұмысын «Пейзаж» тақырыбында аталған техникада орындап, керемет қорғап шықты. 2017 жылы «ЕХРО-2017 Жарқын болашақ кепілі» фестивалі аясында «Мен Қазақстанды бейнелеймін — ЕХРО-2017» атты шығармашылық сурет байқауында 2 орын иеленді. 2018 жылы «Айналайын 2018» Республикалық жас таланттар фестиваль-байқауында «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша жеңіске жетіп, І дәрежелі Дипломға ие болды.

Жаңашылдыққа құштар Айсулу алдында орындалмас тапсырма жоқ, сондықтан биыл майлы бояумен жұмыс тәсілін белсенді игеру үстінде. Өнер мен талпынысқа толы тұлға үшін бұл әлемде бағындырылмайтын шың жоқ, ойы мен мақсаттары заманнан озық, жүрегінде от жанған тәртіпті де, ақылды да Айсулу алдында зор болашақ есігі ашық.

images images images images

 

ПОПУЛЯРНОЕ ЗА НЕДЕЛЮ

Августовская конференция педагогических работников
Опубликовано: 11-21-2016
29 августа 2016 года в преддверие открытия новой школы жилого массива «Нур Актобе» состоялась августовская конференция педагогических работников.
Қош келдің, ғажайып Жаңа жыл!
Опубликовано: 01-06-2017
2016 жылдың 29 желтоқсан күні, ҚКЛ-і қазақ бөлімінің БШД «Радуга» топтарынына жаңа жылдық ертеңгілік қойылымы болып өтті. Бүлдіршіндердің жаңа ...
«Бірлігіміз жарасқан!» Делфий-2016
Опубликовано: 11-22-2016
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 2-5 қараша күндері Ақмола облысы Степногорск қаласында «Бірлігіміз жарасқан!» ұранымен XII Ұлттық дельфий ...
1-Маусым Халықаралық балалар қорғау күні!
Опубликовано: 06-02-2017
«1-маусым Халықаралық балалар қорғау күніне» орай қаламыздың мерекелік іс-шарасы аясында Қалалық көркемсурет лицейінің шығармашылық ұжымы да қатысты.
За новыми впечатлениями в Алматы
Опубликовано: 11-20-2016
С 25 по 31 октября в Алматы проводился Республиканский пленэр-мастер-класс "ALMATY TOMORROW", посвященный 1000-летию города Алматы и приуроченный к ...

ПОЧТОВЫЙ АДРЕС

  • Художественный лицей Актобе
  • Индекс: 030000
  • Регион: Актобе, Казахстан
  • Улица: пр-т Абилкайыр хана, 81
  • Телефон: 8 (7132) 514964
  • E-mail: ghl_aktobe_art@mail.ru

ТЕЛЕФОНЫ ЛИЦЕЯ

  • Приемная: 514964fax 16
  • Администрация: 513203
  • Бухгалтерия: 523867
  • Вахта: 245463

ЛИЦЕЙ НА GOOGLE КАРТЕ

map