Өнерлі өрге жүзер

Автор: Таженова Лейла Мырзалиевна. Опубликовано в Новости

Шакирбекова АружанШакирбекова Аружан Қалалық көкркемсурет лицейінің биылғы 2018 жылғы түлегі. Лицейді бітіргеннен соң шетелде оқуды жоспарлап отыр.

Аружан лицейде бүлдіршіндерді шығармашылық дайындау «Радуга» тобынан бері оқып келе жатыр. Жастайынан бастап, суретке деген құлшынысы арқасында көптеген жетістіктерге жетті. Сонымен қатар, Аружан көркемсурет лицейі арқылы республикалық, халықаралық плэнер шебер-кластарына қатысты.

2013 жылы халықаралық «Жібек жол» атты байқау-фестиваінің белсенді мүшесі болды. 2014 жылы Қызылорда қаласында өткен Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының федерациясымен ұйымдастырылған «Өнерлінің өрісі кең» атты VІ Республикалық плэнер-шебер-сыныбында «Плэнерлік кескіндеме» және «Үздік анимациялық кейіпер» номинациялары бойынша І орын және латын белгі иегері атанды.

2017 жылы Үздік жүз оқушыларының ішіне кіріп, Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО Клубтарының ІІ шығармашылық Академиясының фестиваліне қатысты.

3 сыныбында оқып жүргенде «графика» стиліне деген икемін байқап, көптеген конкурстық жұмыстарын осы тәсілде орындады. 4 сыныпта салынған Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Жасай бер, Қазақстан» атты дипломдық жұмысы назарсыз қалмады. 5-6 сыныпта майлы бояумен жұмыс тәсілін игеріп, шеберлігін танытты. Дипломдық жұмысын «3Д» техникасында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арнап жасауда.

Аружан – тәрбиелі, ақылды, өнерлі, жауапкершілігі мол, еңбекқор жас дарын, шығармашылығы зор шығармашылық тұлға және ұстазының еңбегін сіңірген үлгілі оқушы.

images images images