Жастар – болашақ қуаты!

Автор: Копжасаров Бакыт Уристемович. Опубликовано в Новости

imagesШеврон компаниясының қолдауымен Астана қалалық Балалар көркемсурет мектебі «Болашақ Қазақстанның энергиясы» балалар шығармашылығының І Республикалық байқау-пленэріне Қалалық көркемсурет лицейінің атынан Астана қаласына 3 жеңімпаз аттанды.

Олар - Өтетілеуова Диана, Гаврилюк Тамара және Жумашев Санжар. Байқауға қатыстқан 30 жұмыстың ішінен, 10 жұмыс іріктеліп Астанаға жіберілген болатын. Солардың ішінен финалға өткен үш жеңімпазымыз Астана қаласына шақырту алды.

Аты айтып тұрғандай, бұл сайыс «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына орай ұйымдастырылды. Сайыс балаларға қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу және өскелең ұрпақтың арасында бейнелеу өнерін насихаттап, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында өтті.

imagesБайқаудың төрт күнінде 5-8 маусым аралығында, ЭКСПО-ның қарсаңында елорданы көруге, танымал суретшілермен кездесуге, әртүрлі шеберлік сыныптарына қатысуға мүмкіндік алған республиканың түкпір-түкіріпнен жиналған өнерлі 50 жас суретшілердің қуаныштарында шек жоқ. Айта кету керек, сурет конкурсы өткізілген уақытта «Болашақ Қазақстанның энергиясы» шығармашылық сайысының жеңімпаздары үшін бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер, керамика және мүсіндеу өнерлері бойынша Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Баяндин Әбдіғали және Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері Камиль Муллашев есімді өнер майталмандарымен шеберлік сыныптары да өткізілді. Бұған қоса, балалар үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде экскурсиялар жүргізіліп, құнды ақпараттар алу мүмкіндігіне ие болды.

Көрмеге 12-16 жас аралығындағы еліміздің түкпір-түкпірінен сайысқа қатысқан оқушылардың ең үздік 100-ден астам жұмысы қойылды. Байқауға республика бойынша 17 көркемөнер ұйымдарының шәкірттері мен Астана қалалық балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Сайысқа түскен жұмыстарға Суретшілер одағы, өнер қайраткерлері және ҚР еңбегі сіңген суретшілерден құралған кәсіби қазылар алқасы төрелік етті.

Естелікке толы керемет конкурстың нәтижесінде 12-14 жас аралығы бойынша бас жүлдені лицейіміздің оқушысы Ақтөбелік Диана Өтетілеуова жеңіске жетті.

 

ПОПУЛЯРНОЕ ЗА НЕДЕЛЮ

Августовская конференция педагогических работников
Опубликовано: 11-21-2016
29 августа 2016 года в преддверие открытия новой школы жилого массива «Нур Актобе» состоялась августовская конференция педагогических работников.
Қош келдің, ғажайып Жаңа жыл!
Опубликовано: 01-06-2017
2016 жылдың 29 желтоқсан күні, ҚКЛ-і қазақ бөлімінің БШД «Радуга» топтарынына жаңа жылдық ертеңгілік қойылымы болып өтті. Бүлдіршіндердің жаңа ...
«Бірлігіміз жарасқан!» Делфий-2016
Опубликовано: 11-22-2016
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 2-5 қараша күндері Ақмола облысы Степногорск қаласында «Бірлігіміз жарасқан!» ұранымен XII Ұлттық дельфий ...
1-Маусым Халықаралық балалар қорғау күні!
Опубликовано: 06-02-2017
«1-маусым Халықаралық балалар қорғау күніне» орай қаламыздың мерекелік іс-шарасы аясында Қалалық көркемсурет лицейінің шығармашылық ұжымы да қатысты.
За новыми впечатлениями в Алматы
Опубликовано: 11-20-2016
С 25 по 31 октября в Алматы проводился Республиканский пленэр-мастер-класс "ALMATY TOMORROW", посвященный 1000-летию города Алматы и приуроченный к ...

ПОЧТОВЫЙ АДРЕС

  • Художественный лицей Актобе
  • Индекс: 030000
  • Регион: Актобе, Казахстан
  • Улица: пр-т Абилкайыр хана, 81
  • Телефон: 8 (7132) 514964
  • E-mail: ghl_aktobe_art@mail.ru

ТЕЛЕФОНЫ ЛИЦЕЯ

  • Приемная: 514964fax 16
  • Администрация: 513203
  • Бухгалтерия: 523867
  • Вахта: 245463

ЛИЦЕЙ НА GOOGLE КАРТЕ

map