Я нарисую цветы...

Автор: Копжасаров Бакыт Уристемович. Опубликовано в Архив 2015

Қалалық көркемсурет лицейі-ЮНЕСКО Клубы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін тойлауға арналған қалалық шаралар шегінде «Я нарисую цветы...» атты лицейдің 35 жылдығына арналған мерейтойлық салтанатты шара өткізілді.

Я нарисую цветыЛицейдің мұғалімдері мен оқушылары ең кішкентайлардан бастап жоғары сынып оқушыларын оқытудың барлық сатылары қатысатын мерекелік бағдарлама дайындады. Балалар әндер орындады, өлеңдер оқыды, билер биледі. Залда көптеген қонақтар болды – облыстық мәслихаттың, қала әкімдігінің, Ақтөбе облысы білім басқармасының, қаламыздың білім бөлімінің, «Меценат» қайырымдылық қорының өкілдері, белгілі ақтөбелік суретшілер, лицейдің түлектері және оқушылардың ата-аналары.

Сонымен бірге шараның шегінде үлкен шығармашылық жолдың кезеңдерін көрсететін мерейтойлық альбомның тұсаукесері өткізілді.

Ақтөбе қаласының Қалалық көркемсурет лицейі өзінің қалыптасқан тарихымен, дәстүрлерін сақтайтын және жаңа заманауи технологияларды енгізетін қосымша білім беру мекемелерінің ең үздігі болып саналады.

Қалалық көркемсурет лицей ұжымын 35 жылдық мерейтойымен құттықтап, бұл мерекенің Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өткізілгенін атай келе, барша қауымды Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

Облыстық ғылыми-практикалық орталықтың директоры Абишева Н.М., қалалық білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Мухамбетова Ж.Ж, қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Уралбаева Л.Ш көркемсурет лицейінің мерейтой кешінде құттытықап, білім саласында жаңа жетістіктер тілей отыра, шағармашық ұжымға өз лебіздерін білдірді. Сонымен бірге лицеймен өзара жақын қарым-қатынаста болатын "Ақбөбек" мектебінің өкілі Дюсенғалиева Ляззат Серікбайқызы мереке кешінде ұжымы атынан құттықтау сөзін, сый- сыйапатын алып келді.

Тарихтан:

  • 1980 жылы қаламыздың Пролетар ауданында Балалар көркемсурет мектебі ашылды. Мектеп № 2 орта мектептің ғимаратында орналасты.
  • 1987 жылы көркемсурет мектебі қаламыздың орталығында бөлек ғимаратқа қол жеткізді.
  • 1988 жылы көркемсурет мектебінде суретшінің авторлық туындылары, фотосуреттері, баспасөз материалдары қойылған Сергей Васильевич Кукурузаның мұражайы ашылды. Кукуруза С.В. Ақтөбе қаласындағы бірінші кәсіби суретші, КСРО суретшілер Одағының бірінші мүшесі болған.
  • 1993 жылы Балалар көркемсурет мектебі Қалалық көркемсурет лицейіне айналды.

Қазіргі уақытта көркемсурет лицейінде 5 жастан бастап 17 жасқа дейін 1000-нан астам бала оқиды. Сабақтар лицейде екі -мемлекеттік және орыс тілде жүргізіледі. Балалармен 31 мұғалім жұмыс істейді. Олардың екеуінде «ҚазКСР халық ағартушысының үздігі» төсбелгісі бар, 12 мұғалім- жоғары санатты, 4 –бірініші санатты, 9- екінші санатты мамандар.

25 мұғалім жоғары көркемдік-педагогикалық білімімен, олардың 12-сі лицейдің түлектері.

Қалалық көркемсурет лицейі – бұл балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін барлық жағдайлар жасалған сурет, кескіндеме, мүсін өнері, композиция, әлем өнері тарихы мен компьютерлік графика пәндерінен арнайы жабдықталған оқу бөлмелері бар білім мекемесі. Үш оқу кабинетінде мультимедиялық тақталар, экранмен проектор, сурет салу үшін графикалық планшеттер бар.

Көркемсурет лицейінде мектеп тарихының басынан бастап жиналған натюрморттық қорсыз болмайды. Әр білім мекемесінде біздің лицейдегі өнер тану, сурет, кескіндеме бойынша бай арнайы кітапхана бола бермейді. Кітапхана қоры 4000-нан астам дана құрайды.

Лицей өзінің оқушыларын мақтан тұтады. Лицейдің оқушылары жыл сайын қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейлердегі байқаулар мен көрмелердің жеңімпаздары атануда, Бас Жүлде, алтын және күміс медальдер жеңіп алуда.

Көркемсурет лицейінің мыңнан астам түлектері өздерінің мамандық таңдауында дұрыс шешім қабылдады, біздің еліміздің, сонымен бірге жақын және алыс шет елдердің көркемдік оқу орындарында оқуын жалғастыруда.

Лицейдің педагогтері тек қана қала деңгейінде емес, сонымен бірге облыс және республика деңгейлерінде шебер-кластар мен семинарлар өткізеді.

Барлық суреттерді үлкен өлшемде арада біздің беттерімізде қарайсыңдар Facebook немесе Google+