Қазақ хандығына 550 жыл

Автор: Копжасаров Бакыт Уристемович. Опубликовано в Архив 2015

2015 жылғы 11 қыркүйекте Тұңғын Президент Н.Ә.Назарбаев атындығы орталық саябақта «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл» мерекесі көпшілік мәдени шарамен аталып өтті.

Қазақ хандығына 550 жылОсы ауқымды мереке Республикамыздың барлық өңірінде жалғасын тауып жатыр. Орталық саябақта өткізілген «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл» мерекесі мәдени шарасына Қалалық көркемсурет лицейі оқушылардың қолданбалы өнер бұйымдары мен тарих жолын баяндайтын бірнеше кескіндемелік жұмыстарын көрмеге қойды.

Көрмеге жалпы саны отызға жуық көркемсурет лицейінің «Алтын қорынан» да жұмыстар алынды. Оның ішінде балалардың қолынан жасалған түрлі техникадағы жұмыстар, киіз басу өнері, ши тоқу, матаға жазу, қуыршақтар, батырлар келбетін бейнелеген жұмыр мүсіндер және станокты майлы бояумен орындалған кескіндемелік туындылар көрермендерге көрсетілді. Көрменің мақсаты туындылар арқылы ата тарихымыз бен салт-дәстүрімізді, бабалар қалдырған үлкен мәдениетті, бүгінгі заман ұрпақтарына жеткізу. Орталық алаңда болған мерекеге барлық келушілер балалардың осындай жұмыстарына таң-тамаша қарап, өз лебіздерін білдіріп жатты. Сонымен бірге осы көрме барысын Републикалық және жергілікті БАҚ өкілдері сұхбат алып ақпарат алмасты.

Барлық суреттерді үлкен өлшемде арада біздің беттерімізде қарайсыңдар Facebook немесе Google+