30-тамыз Конституциясы күні

Автор: Копжасаров Бакыт Уристемович. Опубликовано в Архив 2015

Еліміздің Ата Заңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын өз бойына сіңірді.

Конституциясы күніКонституциямызда адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтары, билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру және дамыту, Қазақстанда азаматтық қоғам құру туралы дүниежүзі таныған прогрессивті идеялар бекітілді. Ең жоғарғы заңдық күші бар Қазақстан Конституциясы Республикадағы қолданылатын және қалыптасып жатқан құқықтық жүйесінің нормативтік бастауы бола тұра, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың маңызды жақтарын реттейді. Ол – ел тәуелсіздігінің, мемлекеттігінің негізгі тірегі, саяси-құқықтық төлқұжаты.

Қалалық көркемсурет лицейінің көрме залында Қазақстан Республикасының конституциясы күніне арналған мерекелік шара болып өтті. Мерек барысында алдымен еліміздің әнұраны орындалып, қалалық көркемсурет лицейінің директоры Альтина Анастасия Ивановна құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік шараны ашып береді.

ҚР Конституция күніне арналған «Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» тақырыбына балалар сурет көрмесіне қатысушы оқушыларды Дипломдар және сыйлықтармен салтанатты марапаттау кезеңін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Барлық суреттерді үлкен өлшемде арада біздің беттерімізде қарайсыңдар Facebook немесе Google+