Наурызға тарту

Автор: Садуақасова Клара Кенжебаевна. Опубликовано в Архив 2015

Көркемсурет лицейінде Наурыз мейрамына мерекелік шаралар жоспарына сәйкес дәстүр бойынша оқушылар жұмыстарының көрмесімен ашылады.

Көрме лицейдің бірінші қабатында наурыздың 16-сынан 20-сына дейін оқушылар, олардың ата-аналары мен балалар шығармашылығын тамашалауға ынта білдірушілердің назарына ұсынылады.

Осы жылғы көрмеге оқушылардың ұлттық қолөнер тәсілінде орындалған жұмыстары қойылды. Композиция сабақтарында оқушыларымыз мұғалімдердің жетекшілігімен жүн басу, ши тоқу, басқұр тоқу сияқты тәсілдерді зерттейді және жұмыс орындау арқылы олардың қыр-сырын игереді.

Наурызға тарту«Қош келдің, Наурыз!» тақырыбына арналған көрмеге әдістемелік және көрмелік қорға алынған жұмыстардың ең үздіктері қойылды. Негізінен лицейдің қазақ бөлімінің 2ші және 3-ші сынып оқушыларының жұмыстары. 13 жастағы Назарғалиева Шынардың жүн басу тәсілімен орындаған «Көктемгі таң» атты жұмысы күн мен түн теңесіп, Жаңа күн жарқырап, әлемді өзінің қызуымен жаңартуға атып келе жатқан күнді өте әсерлі жеткізген. Табиғат сол жылы күнге ұмтылып, құшағын жайып тұрғандай.

Осы тәсілде Елеусізова Жанардың (14 жас) «Көктем» атты жұмысы адам мен табиғаттың өзара тығыз байланысын әдемі бояулармен жеткізген. Ши тоқу тәсіліндегі Өтесов Қайыржанның (13 жас) «Тал» атты және Карнакова Камилла (13 жас) орындаған «Тау иелері» атты жұмыстары лирикалық әуенге толы. Рахметуллаева Иланның (14 жас) «Қызғалдақтар гүлдері» атты жұмысы Қазақстан осы әсем гүлдердің отаны екенін дәлелдеу ретінде нәзік гүлдерге толы даланың кеңістігін жеткізеді.

Жүн басу, пэчворк тәсілдерінде Мүсіреев Атажан (13 жас), Чернявская Ольга (13 жас) мен Тулеубаева Аружан (13 жас) «Натюрморт» деп аталатын жұмыстарында Наурыз мейрамында кең байтақ жерімізде, бейбіт елімізде жайылатын дастарқанның молшылығын ұлттық нақышпен көрсетеді.

Орынова Айдананың (14 жас) «Жарқыра, жайна, Астана» жұмысы еліміздің жас астанасының Хан Шатыр және басқа да зәулім, жаңа заманның талабымен көтерілген ғимараттарын бейнелейді. Мерекенің көңіл-күйін ұлттық киімдегі ұл мен қыздың бейнесімен бақытты балалық шақтың қуанышын көрсетеді. Құрманғалиев Диастың (13 жас) көлемді «Наурыз келді» атты жүнмен басылған композициясы осы қайта жаңғырған мерекеміздің бүкіл әлемге танымал екенін бейнелейді.

Осындай жарқын туындыларды оқушылар шығармашылық пәндер мұғалімдері Алибжанова Айсұлу Жаукаштыевна, Биқанова Гүлнар Дүсеновна, Таженова Лэйла Мырзалиевнаның жетекшілігімен жасады.

Сонымен бірге 17-ші наурызда екінші кезекте және 18-ші наурызда бірінші кезекте лицейдің көрме залында оқушылардың күшімен мерекелік концерт ұйымдастырылып өткізіледі.

Больше фотографий смотрите на наших страничках  в Facebook или Google+

ПОПУЛЯРНОЕ ЗА НЕДЕЛЮ

Августовская конференция педагогических работников
Опубликовано: 11-21-2016
29 августа 2016 года в преддверие открытия новой школы жилого массива «Нур Актобе» состоялась августовская конференция педагогических работников.
Қош келдің, ғажайып Жаңа жыл!
Опубликовано: 01-06-2017
2016 жылдың 29 желтоқсан күні, ҚКЛ-і қазақ бөлімінің БШД «Радуга» топтарынына жаңа жылдық ертеңгілік қойылымы болып өтті. Бүлдіршіндердің жаңа ...
«Бірлігіміз жарасқан!» Делфий-2016
Опубликовано: 11-22-2016
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 2-5 қараша күндері Ақмола облысы Степногорск қаласында «Бірлігіміз жарасқан!» ұранымен XII Ұлттық дельфий ...
1-Маусым Халықаралық балалар қорғау күні!
Опубликовано: 06-02-2017
«1-маусым Халықаралық балалар қорғау күніне» орай қаламыздың мерекелік іс-шарасы аясында Қалалық көркемсурет лицейінің шығармашылық ұжымы да қатысты.
За новыми впечатлениями в Алматы
Опубликовано: 11-20-2016
С 25 по 31 октября в Алматы проводился Республиканский пленэр-мастер-класс "ALMATY TOMORROW", посвященный 1000-летию города Алматы и приуроченный к ...

ПОЧТОВЫЙ АДРЕС

  • Художественный лицей Актобе
  • Индекс: 030000
  • Регион: Актобе, Казахстан
  • Улица: пр-т Абилкайыр хана, 81
  • Телефон: 8 (7132) 514964
  • E-mail: ghl_aktobe_art@mail.ru

ТЕЛЕФОНЫ ЛИЦЕЯ

  • Приемная: 514964fax 16
  • Администрация: 513203
  • Бухгалтерия: 523867
  • Вахта: 245463

ЛИЦЕЙ НА GOOGLE КАРТЕ

map