Дипломдық жұмыстарын қорғады - 2014

Автор: Таженова Лейла Мырзалиевна. Опубликовано в Архив 2014

30 мамырда 2014 жылы Қалалық көркемсурет лицейінде 6 класс оқушылары дипломдық жұмыстарын қорғады.

Дипломдық жұмыстарын қорғадыБиыл лицейді екі алтыншы класс аяқтап жатыр, 6 «А» қазақ класы, 6 «Б» орыс класы. Дипломдық жұмыстары әр түрлі техникада еркін тақырыпта орындалды.

6 «А» класс оқушысы Келеш Мәди дипломдық жұмысын сәндік- қолданбалы өнер бойынша жұмыс жасады. «Қыз өмірінің сәукелесі» атты тақырыпта дипломдық жұмысы табиғи ши мен түрлі түсті жүндерді қолдану арқылы жасады. Мәдідің таңдап алған дипломдық жұмысы қаншалықты қиын болса да, көпшіліктің ойынан жақсы шығып, ерекше көрінді.

Өзіміздің ұлттық киіз үй ішіндегі кездесетін әр түрлі әшекейлердің ішінен Нұрымова Үмітжан басқұрды дипломдық жұмысқа ала отырып, гобелен техникасында тоқыды. Ұлттық өрнектерімізді нақышына келтіріп, ұлттық түстерін таба біліп өте жоғары деңгейде орындады.

Байғұнысов Айбек «Ежелгі таңбалар» атты дипломдық жұмысын ұлттық киіз басу өнерін негізге ала отырып, көрермендерге ұсынды.

Умирова Арайлым «Қазақ аруы» тақырыбында майлы бояудың қыр сырын жақсы меңгеріп, 5 «А» класс оқушысы Әбішева Әсемнің портретін бейнеледі.

6 «А» класс оқушылары дипломдық жұмыстарын «өте жоғары» деңгейде қорғап шықты.