Менің Бурабай - Астанада болғаным
Құрманқұлов Диас: Мен, Құрманқұлов Диас, 2014 жылы «Шеврон» корпорациясымен жер жаннаты Бурабайда өткізілген 12 Республикалық балалар байқау-пленэрінде қатыстым.
Бурабайдың сұлулығын айтуға сөз жетпейді. Біз көптеген қызықты шараларға, ойындарға, шебер-кластарға қатыстық және Бурабайдың әсем жерлеріне серуендеу жасадық. Тау басына шығып, табиғаттың әсем көркін қағаз бетіне түсіреміз. Мен көптеген достар таптым. Маған Бурабайда болған өте ұнады.
Қанапина Махаббат: Мен, Қанапина Махаббат, «Шеврон» компаниясы ұйымдастырған 12 Республикалық пленэр-байқауының шебер-кластарына қатысушымын. Пленэр жоғары деңгейде өтті деп ойлаймын. Уақыт аз болғанымен көп нәрсені үйрендік. Әсіресе, тауға шығып сурет салған өте ұнады. Хайуанаттар бағы өте қызықты болды. Мен онда аққуларды бейнеледім. Шебер-кластарда ақ қайыңның қабығына сурет салған ұнады. Суретке түсіру де ұнады. Бурабай –таза ауасымен, керемет табиғатымен ең жақсы жер. Таңертең ұйқыдан кейін далаға шығып жасаған таңғы жаттығулар бойымды сергітіп, көңілімді көтерді. Серуендер өте ұнады. Осының бәрі естен кетпес деп ойлаймын. Енді мен ерте тұрып үйрендім.
Мен «Шеврон» компаниясына осындай шара ұйымдастырғандарына алғысымды айтамын. Алдағы уақытта еңбектері шығармашылық табыстар тілеймін. Біз сияқты жас суретшілер көп болсын деймін.
Мақсотова Арайлым: Бурабай – Қазақстанның әсем жерлерінің бірі. Бурабайда өткізген күндерім менің көңілімнен шықты. Әрбір өткізген күн мәңгі есте қаларлықтай болды. Бірінші күннен бізді балалар, мұғалімдер қуана қарсы алды. Көптеген шебер-кластар өткізілді. Мұғалімдер бізді жаңа техникаларға үйретті. Ақ қайыңның қабығында сурет салу маған өте ұнады. Әр қаладан келгендер өз көріністерін көрсетті, біздің көрінісіміз көптің көңілінен шықты. Тауға шыққан қатты ұнады. Биік таудан көрінген әсем көрініс мені қатты таңқалдырды. Бурабайдың ауасы таза, өзендері мөп-мөлдір, таулары биік–сондай әсем табиғат. Оқжетпес, Жеке батыр, Жұмбақтас–бәрі сондай сиқырлы...
Таудың басынан көрінген көріністі ақ қағазға салу өте ұнады. Шебер-класс өткізген шебер де акварельдің қыр-сырларын үйретті. Өзен бойында салған суретім барлығына өте ұнады. Өйткені, мен акварельмен жақсы жұмыс істеуді үйрендім. Соңғы кешкі майшам жағып, тілегімізді, әсерлерімізді айттық. Менің көзімнен жас шықты, себебі осы күндердің тез өтіп кеткеніне. Мен сурет өнеріне осы жылы келдім және республикалық дәрежеге көтеріліп, өз номинациямда жеңіске жеткеніме өте қуандым, таңқалдым. Шын жүректен «Шеврон» компаниясына бізге осындай мүмкіндік бергеніне рахметімді айтамын. Менің Астана/Бурабайда өткізген күндерім мәңгі есімде қалады.