Таңғажайып табиғатта!
Маусым айының 7-і күні ҚКЛ-інің 3 «а», 5 «а», 6 «а» класс бірқатар оқушылары мен жетекешілері Таженова Л. М, Көпжасаров Б. Р және ата-аналармен бірге жазғы пленердің шуақты уақытын Ақтөбе табиғатының көркем жерінде болып, күндік өткізді.
Жазғы пленерді жас суретшілеріміз қала аймағының Қос-естек жерінде табиғатпен сырласып жарқын бояулармен шабыттанды. Пленердің басты мақсаты оқушылар жыл бойы алған көркем білімдерін табиғат аясында бөлісіп, табиғатқа деген сүйіспеншілік арқылы өз әсерлерін қағаз бетіне түрлі техникада түсіріп бағдарлама бойынша жұмыс жасады. Пленерде жер, судың, ағаштар мен көк шөптің, бұлбұл үнін салған құстардың дауысымен оқушылар қағаз, кенеп бетінде шабыттана жұмыстар жүргізді. Ал жоғарғы класс оқушылары кенеп бетінде кеңістікті көрсетіп, сары қызыл гүлдердің нәзіктігін бейнелей көркем шығармалар туғызды. Еңбектенген күннің нәтижесі жемісін беріп, көкжиекте қызарып ұясына батқан күнменен, пленэр қатысушылары әуендетіп үйге оралу жолына да шықты. Бұл да бір есте қалған қызықты күндер болды!
Барлық суреттерді үлкен өлшемде арада біздің беттерімізде қарайсыңдар Facebook немесе Google+