«Көктемгі өрнектер»

Автор: Садуақасова Клара Кенжебаевна. Опубликовано в Архив 2014

2014 ж. 27-28 наурызында Қалалық көркемсурет лицейінде «Өрнек» көркем шығармашылық шеберханасы жоспарының шегінде жалпы «Бейнелеу өнеріндегі инновациялық технологиялар» атты тақырыбына шығармашылық пәндер мұғалімдерімен шебер-кластар өткізілді.

Көктемгі өрнектер«Өрнек» шығармашылық шеберханасының наурыз айына қызметі облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесіп жоспарланды. Шебер-кластарда облысымыздың Қобда, Ойыл және Ырғыз аудандары жалпы білім беру мектептерінің бейнелеу өнері мен технология пәнінің 21 мұғалімі қатысты.

Шебер-кластарға қатысушыларды ОблҒТО әдіскері Байланова Т.Ж. мен Қалалық көркемсурет лицейінің директоры Кусалиева Б.Б. қолдады. Шығармашылық шеберханасының меңгерушісі Умарова Д.М., лицейдің қазақ бөлімінде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, шеберхана қызметінің бағыттары, негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы әңгімеледі, сонымен қатар қатысушыларды 500-ден астам оқушылардың ең үздік жұмыстары қойылған көркемсурет лицейі көрме залының экспозициясымен таныстырды.

Келесі шығармашылық пәндер мұғалімдері шебер-кластар өткізді: Белоусова Е.П. – «Нагрудное украшение в технике макраме»; Малышева Е.Н. – «Декоративный натюрморт»; Таженова Л.М. – «Жүннен жасалған панно»; Куряева А.И. – «Бумагопластика».

Барлық шебер-кластар әдістемелік жоғары деңгейде өткізілді, жұмыстың орындалу кезеңдері көрсетілді. Қатысушылар қызығушылық танытып, қанағатпен жұмыс істеді және өткізілген шебер-кластар туралы жақсы пікірлер жазды. Шебер-кластардың тақырыбы өзекті, инновациялық технологияларды, заманауи материалдармен жұмыс істеу тәсілдерін, иеленген дағдылар мен икемдерді көркем шығармалар жасауда және балалармен жұмыс барысында іс жүзінде қолдануды енгізеді.