«Айналайын-2014»: жаңа жұлдыздар

Автор: Умарова Дина Мусаевна. Опубликовано в Архив 2014

24.03-13.05.2014 ж. Ақтөбе қаласында жас таланттардың «Айналайын-2014» атты сайыс-фестивалі өткізілді. Фестивальді ұйымдастырушылар – «Қазхром» ТҰК АҚ филиалы «Ақтөбе ферроқорытпа зауытының» әкімшілігі және кәсіподақ комитеті, Металлургтер мәдениет Үйі.

Айналайын-2014Сайыстың номинациялары жан-жақты, балалардың жас категориялары бойынша екі кезеңмен өтті. 14.05.2014 ж. қорытындылары салтанатты түрде мәдениет Үйінде ұйымдастырылып, тамаша концерт қойылуымен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болды. Сайыстың кезеңдері Қазақстанның бірнеше қалаларында болып, «Айналайын-2014» тек біздің қаламыздың жас дарынды балалары үшін емес, елімізде кең тарап, жас таланттарды анықтаудың мәртебелі деңгейдегі сайысына айналыр бара жатыр. Салтанатты марапатау рәсімінде басқа қалалардың өкілдері де жеңіске жетіп, сыйлықтарын алуының куәсі болдық.

Қалалық көркемсурет лицейінің оқушылары жылда осы дәстүрлі сайыс-фестиваліне белсене қатысады. Биыл Сахат Мұрат «Айналайын-2014» фестивалінің «Қолданбалы сәндік өнері» номинациясы бойынша қатысқаны үшін Диплом иегері ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Альтин Роман осы жас таланттар фестивалінің «Қолданбалы сәндік өнері» номинациясында ІІ дәрежелі Диплом және ақшалай сыйлық алды.

Жас таланттардың «Айналайын -2014» атты сайыс-фестивалінің қорытындысы тамаша деңгейде болды, ұйымдастырушыларына алғыс айтамыз.