Тәуелсіздікке арналады

Автор: Садуақасова Клара Кенжебаевна. Опубликовано в Архив 2014

2014 жылдың 12 желтоқсанында Ақтөбе Қалалық көркемсурет лицейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өткізілді.

Тәуелсіздікке арналадыМереке қарсаңында лицейдің көрме залында салтанатты түрде қалалық «Менің туған өлкем – Қазақстан» тақырыбына балалар суреті байқауының қорытындылары жасалды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған қалалық «Менің туған өлкем - Қазақстан» балалар суретінің байқауы қаланың мектептен тыс ұйымдарының көркем бөлімдері оқушыларының арасында 2014 жылдың 17 қараша -12 желтоқсан аралығында өтті.

Байқауға 99 жұмыс ұсынылыды: кіші жас категориясы (11-12 жас) – 61 жұмыс, орта жас категориясы (13-15 жас) – 28 жұмыс, жоғары жас категориясы (16-17 жас) - 10 жұмыс. Жұмыстар келесі оқу мекемелерінен қабылданды: Қалалық көркемсурет лицейінен, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Орталығынан, Қалалық оқушылар Сарайынан, Қалалық жас туристер стансасынан, Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйінен, Қазанғап ат. Балалр өнер мектебінен, № 1, 11, 18, 21, 22, 32, 34, 49, 53 ОМ, Жаңақоныс ауылының ОМ, Елек ОМ.

Жеңімпаздар 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталады, барлық қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттар алады.

Қазылар алқасы байқауға ұсынылған оқушылардың жұмыстарын қарады, орындау ерекшелігін, шығармашылық көзқарасы мен тақырыптың жеткізілуін ескерумен қорытынды шығарды:

Кіші жас категориясы – 11 -12 жас:

  • 1 орын – Спамбетова Айя, Қалалық оқушылар Сарайы, жетекшісі Скуратович Н.М.
  • 2 орын – Сатыбаева Жәмиля, Қалалық көркемсурет лицейі, жетекшісі Таженова Л.М.
  • 2 орын – Орынғали Берікболсын, Қалалық көркемсурет лицейі, жетекшісі Таженова Л.М.
  • 3 орын – Дандаева Энисат, Қалалық көркемсурет лицейі, жетекшісі Куряева Ә.И.
  • 3 орын – Жанболатова Жібек, Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Орталығы, Ақтөбе қаласы, жетекшісі Сажнова Н.Н.

Орта жас категориясы – 13 -15 жас:

  • 1 орын – Лобанова Анастасия, Қалалық көркемсурет лицейі, жетекшісі Көпжасарова Ж.С.
  • 2 орын – Терещенко Евангелина, Қалалық көркемсурет лицейі, жетекшісі Земскова А.В.
  • 2 орын – Сансызбаева Раушан, Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі, жетекшісі Ташимова Т.И.
  • 3 орын – Өмірғалиева Азиза, Қалалық көркемсурет лицейі, жетекшісі Көпжасарова Ж.С.
  • 3 орын - Мамаев Даниил, Қалалық көркемсурет лицейі, жетекшісі Земскова А.В.

Жоғары жас категориясы – 16 -17 жас:

  • 1 орын – Махсотова Арайлым, Қалалық оқушылар сарайы, жетекшісі Садильникова Н.А.
  • 2 орын – Суттер Алина, Қалалық оқушылар Сарайы, жетекшісі Садильникова Н.А.

Сонымен қатар салтанатты түрде Қалалық көркемсурет лицейінің оқушылары - Қазанғап ат. балалар өнер мектебімен ұйымдастырылған қалалық «Қазақстан - біздің Отанымыз» атты қалалық байқауының жеңімпаздарына Дипломдар тапсырылды. 10-12 жас категориясында «Сурет» номинациясында біздің оқушымыз Стрижак Илона Бас Жүлде иеленді, ІІ дәрежелі Диплом – Қалабаева Гүлнұр, ІІІ дәрежелі Диплом – Орынова Айдана; 13-15 жас категориясында – І дәрежелі Диплом – Сыдыкова Регина, ІІ дәрежелі Диплом – Түгелова Әйгерім. Шангараева Диана, Сарбалина Даяна, Енсегенова Алина, Дандаева Энисат, Қадырова Камилла Дипломдармен марапатталды.

Марапаттау рәсімінен кейін көрермендерге Қалалық көркемсурет лицейінің оқушылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт қойды.

Барлық суреттерді үлкен өлшемде арада біздің беттерімізде қарайсыңдар Facebook немесе Google+

ПОПУЛЯРНОЕ ЗА НЕДЕЛЮ

Августовская конференция педагогических работников
Опубликовано: 11-21-2016
29 августа 2016 года в преддверие открытия новой школы жилого массива «Нур Актобе» состоялась августовская конференция педагогических работников.
Қош келдің, ғажайып Жаңа жыл!
Опубликовано: 01-06-2017
2016 жылдың 29 желтоқсан күні, ҚКЛ-і қазақ бөлімінің БШД «Радуга» топтарынына жаңа жылдық ертеңгілік қойылымы болып өтті. Бүлдіршіндердің жаңа ...
«Бірлігіміз жарасқан!» Делфий-2016
Опубликовано: 11-22-2016
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 2-5 қараша күндері Ақмола облысы Степногорск қаласында «Бірлігіміз жарасқан!» ұранымен XII Ұлттық дельфий ...
1-Маусым Халықаралық балалар қорғау күні!
Опубликовано: 06-02-2017
«1-маусым Халықаралық балалар қорғау күніне» орай қаламыздың мерекелік іс-шарасы аясында Қалалық көркемсурет лицейінің шығармашылық ұжымы да қатысты.
За новыми впечатлениями в Алматы
Опубликовано: 11-20-2016
С 25 по 31 октября в Алматы проводился Республиканский пленэр-мастер-класс "ALMATY TOMORROW", посвященный 1000-летию города Алматы и приуроченный к ...

ПОЧТОВЫЙ АДРЕС

  • Художественный лицей Актобе
  • Индекс: 030000
  • Регион: Актобе, Казахстан
  • Улица: пр-т Абилкайыр хана, 81
  • Телефон: 8 (7132) 514964
  • E-mail: ghl_aktobe_art@mail.ru

ТЕЛЕФОНЫ ЛИЦЕЯ

  • Приемная: 514964fax 16
  • Администрация: 513203
  • Бухгалтерия: 523867
  • Вахта: 245463

ЛИЦЕЙ НА GOOGLE КАРТЕ

map