Қорғау табысты болып табылады!

Автор: Копжасаров Бакыт Уристемович. Опубликовано в Архив 2014

29 мамыр бейсенбі күні Қалалық көркемсурет лицейінің бірінші саты түлектерінің дипломдық жұмыстарын қорғау кеші өткізілді.

Қорғау табысты болып табыладыБұл күн көптен күткен еркеше күн десек болады. Себебі 4 жыл бойғы алынған білімдерін лицей оқушылары дәл осы күні өз жұмыстары арқылы ашып көрсетеді. Диплом қорғау сәті түлектердің жүрегінде толқыныс ұялатты. Диплом қорғау сәтіне комиссия мүшелері, жеткешілер мен ата-аналар түлектерге барлық қолдау көрсеткен жақын жандар қатысты.

4 класының диплом қорғау сәтін Амангелді Айдана өзінің «Өрнеткер» тақырыбында жасалған жұмысымен ашып берді. Дипломдық жұмыстардың барлығы бірінен бірі өткен еркеше болды. Атап айтар жұмыстардың ішінде Амангелді Айдананың «Өрнектер», Тілмагамбетова Сәлиманың «Бәйтерек» жұмысы, Мырзалина Сенімнің батик техникасындағы «Петроглифтер», Оқасов Дәукеннің киізден фильц тәсілімен жасалған «Бақша гүлдері» тақырбындағы композиция жұмыстары ерекше орындалғанын көрсеттті. Сонымен бірге диплом жұмыстары мүсіндік пішінде сомдалып, орындалды. Мүсін пішініндегі көзге түсекен жұмыстар Жаңабергенова Динараның «Парашютшы» жұмысы өзінің көлемімен жасалу жолымен көрінді, Кенжебаев Арсельдің «Атты күйме» тақырыбындағы дипломдық жұмысы өзіндік ңәзіктігімен, Тәжіғұлов Әділжанның «Көк бөрі» тақырыбындағы сәндік бедер мүсін көпшіліктің назарына түсті.

Толқыныс тербеткен бұл күннің нәтижесі жақсы бағалармен, көптеген ізгі тілектермен, игі ұсыныстармен аяқталды.

Барлық суреттерді үлкен өлшемде арада біздің беттерімізде қарайсыңдар Facebook немесе Google+