Қала күніне шашу

Автор: Садуақасова Клара Кенжебаевна. Опубликовано в Архив 2014

Ақтөбе қаласының 145 жылдығын тойлау аясында Қалалық көркемсурет лицейіменқала әкімшілігімен бірлесіп «Ең үздік сурет» пен «Қолданбалы сәндік өнерінің ең үздік жұмысы» номинациялары бойынша жас суретшілер арасында «Біз туған қаламызды көркейтеміз» атты жалпы тақырыбымен қалалық байқау ұйымдастырылды.

Біздің сүйіуті қаламызды көркейтуге үлес қосып жүрген «Center Group» инвестициялық-құрылыс компаниясы осы шараның демеушісі болды.Байқау өскелең ұрпаққа патриоттық сезім тәрбиелеу мақсатымен ұйымдастырылды.

Байқауға бір ай бойы 10 -17 жас аралығындағы жас суретшілер мұғалімдерімен бірлесіп, өздерінің қиялын қаламыздың көрікті жерлерімен байланыстырған туындыларын орындады. Нәтижесінде қалалық байқауға түрлі техникаларда орындалған 49 жұмыс ұсынылды.

Қала күніне шашуСүйікті қаламыздың туған күні - 28 мамырда көркемсурет лицейінің тамаша көрме залында байқаудың қорытындылары шығарылып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді. Бұл мерекеге оқушылардың ата-аналары, ата-әжелері де келді, олар балалардың жетістіктеріне қуанып қалды.

«Ең үздік сурет» номинациясында кіші жас категориясында Гаврилюк Тамараның алғашқы жетістігін атап айтуға болады. Оның аралас техникада орындаған жұмысы өте сәтті шықты. Бейбіт күншуақты күнде жаңа салынып жатқан ғимараттардың аясында бақытты балалық шақтың сәтін бейнелеген. Екінші орынды иеленген Құрманғалиев Диастың жұмысы қазақтың ою-өрнегімен көмкерілген қаламыздың әсем жерлерін көрсетеді. Компанияның өкілдері мен қазылар алқасы Оңғарбаева Әминаның қаламыздың көркін келтіретін «Шератон» қонақ үйінің ғимаратын пастельмен жасыл желекте орындаған жұмысына 1 орын берді. Жеңімпаз Дипломын 16 жастағы құрылыс саласының ең басты кейіпкері құрылысшыны бейнелеген Митюхина Ольга иеленді.

«Қолданбалы сәндік өнерінің ең үздік жұмысы» номинациясында бүлдіршіндерден Бисембиева Камилла өзінің пластикалық ермексаздан және түрлі-түсті жүн жіптерінен жасаған «Ертегілік құрылысшылар» атты дөңгелек мүсінімен озып шықты. Орта жас категориясында Ақтөбе қаласының стелласын сарқырама су және жарқын алқызыл қызғалдақ аясында бейнелеген құрғақ жүн басу тәсілінде орындаған Орынова Айдана жеңімпаз атанды. Бұл номинацияда жарқыраған күн секілді шаңырақ астында еліміздің рәміздері және қаламыздың көптің көңілінен шыққан көрікті жерлері қызғалдақтармен, ұсақ моншақтармен өрнектелген жүнді құрғақ басумен орындалған туындысына жеңімпаз Дипломы көптеген түрлі деңгейлердегі мәртебелі байқаулар мен көрмелердің жеңімпазы Келеш Мәдиге берілді.

Қорыта келе, осы шараға қатысқан бір де бір оқушы елеусіз қалған жоқ. «Center Group» инвестициялық-құрылыс компаниясы қатысушылар мен жеңімпаздарға сертификаттар, ынталандыру жүлделерін, Дипломдар және бағалы сыйлықтар берді. Сыйлықтар өте мазмұнды кітаптар, бояулар, күнделіктер, түрлі-түсті қарындаштар, сурет салуға арналған кенептер ретінде болды. Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында жас суретшілер үшін нағыз мереке болды және өскелең ұрпаққа патриоттық сезім тәрбиелеу мақсаты орындалды. Көркемсурет лицейінің кітпаханасының қоры да компания сыйға тартқан «Животный мир» атты безенді атласпен толықтырылды. Компанияның президенті Ормағамбетов Самат Сағынғалиұлы осы шараның дәстүрге айналатыны туралы айтты. Шара кезінде құттықтау сөзінде ҚКЛ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Клявина И.М. лицей тарихында осындай кеңпейілді, бағалы сыйлыққа толы мерекелер санаулы болғанын айтты. Шынында бұл қала күніне нағыз шашу болды. Шараға қалалық білім бөлімінің әдіскері Өтепбергенова М.Х. қатысты.

Мерекенің соңында байқауға қатысушылардың барлығы компанияның өкілдерімен және сыйлықтарымен ескерткішке суретке түсті. Бақытты жеңімпаздар қала телеарналарына сұхбат берді.

Қалалық көркемсурет лицейінің әкімшілгі және педагогикалық ұжымы «Center Group» инвестициялық-құрылыс компаниясына қаламызды көркейте берудегі еңбектері жемісті болуына және одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға тілек білдіреді.

Барлық суреттерді үлкен өлшемде арада біздің беттерімізде қарайсыңдар Facebook

 

ПОПУЛЯРНОЕ ЗА НЕДЕЛЮ

Августовская конференция педагогических работников
Опубликовано: 11-21-2016
29 августа 2016 года в преддверие открытия новой школы жилого массива «Нур Актобе» состоялась августовская конференция педагогических работников.
«Бірлігіміз жарасқан!» Делфий-2016
Опубликовано: 11-22-2016
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 2-5 қараша күндері Ақмола облысы Степногорск қаласында «Бірлігіміз жарасқан!» ұранымен XII Ұлттық дельфий ...
За новыми впечатлениями в Алматы
Опубликовано: 11-20-2016
С 25 по 31 октября в Алматы проводился Республиканский пленэр-мастер-класс "ALMATY TOMORROW", посвященный 1000-летию города Алматы и приуроченный к ...
«Академия творчества» встречает юных художников Актобе
Опубликовано: 11-23-2016
Шестеро юных молодых художников из Городского художественного лицея - Клуба ЮНЕСКО г. Актобе Есенбаев Нурканат, Калиева Карина, Стрижак Илона, Разин ...
«Сильные регионы – сильный Казахстан»
Опубликовано: 11-21-2016
В рамках акции «Сильные регионы – сильный Казахстан», приуроченной к 25-летию независимости Республики Казахстан, в столице прошли дни Актюбинской ...

ПОЧТОВЫЙ АДРЕС

  • Художественный лицей Актобе
  • Индекс: 030000
  • Регион: Актобе, Казахстан
  • Улица: пр-т Абилкайыр хана, 81
  • Телефон: 8 (7132) 514964
  • E-mail: ghl_aktobe_art@mail.ru

ТЕЛЕФОНЫ ЛИЦЕЯ

  • Приемная: 514964fax 16
  • Администрация: 513203
  • Бухгалтерия: 523867
  • Вахта: 245463

ЛИЦЕЙ НА GOOGLE КАРТЕ

map