Наурыз - достық пен көктем мерекесі!

Автор: Копжасарова Жанара Сергеевна. Опубликовано в Архив 2014

2014 жылғы 19 наурыз күні Қалалық көркемсурет лицейінде «Наурыз - достық пен көктем мерекесі» атты тәрбиелік мәні бар мерекелік концерттік бағдарлама өтілді.

Наурыз - достық пен көктем мерекесіМерекелік бағдарламаны дайындаған ҚКЛ-нің шығармашылық пәндерінің мұғалімдері Таженова Л.М., Құрманова Н.М. және Қалалық көркемсурет лицейінің 2 «А», 4 «А», 6 «А» класс оқушылары.

Мерекелік бағдарламаны ҚКЛ-нің директоры Кусалиева Б.Б.. сөз сөйлеп, көктемнің шуақ Наурыз мерекесімен құттықтаумен ашты. Сонымен бірге бірқатар оқушыларды - Халықаралық, республикалық байқаулар жеңімпаздарын марапаттап, сый-сыйапаттарын табыс етті. Мерекелік іс-шарада оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән мен күй шашып, ұлттық ойындар ойнады.

Бағдарламаның ерекше атап айтар тұсы ол 4 «А», 6 «А» кластары оқушыларының ұлттық мерекелік киімдерді өздері дайындап, Наурыз мерекесінің сәнін келтіргені. Сонымен қатар осы жылы мерекені безендіру мәнері ерекше болды.

Шаңырақ нышаны биікке көтеріліп, оюлы басқұрлармен көркемделді, шеберлікпен орындалған көлемді өю-өрнек композициясы көз қуантты. Мерекені безендіріп, көркемдеуге ат салысқан мұғалімдер: Алибжанова А.Ж., Көпжасарова Ж.С., Биканова Г.Д., Көпжасаров Б.Р., Таженова Л.М., Құрманова Н.М.

Лицей әкімшілігі ерекше тойланған Наурыз мерекесінің ұйымдастырушылары мен қатысушыларына алғыс айтты.

Барлық суреттерді үлкен өлшемде арада біздің беттерімізде қарайсыңдар Facebook немесе Google+