Арт-Самғау 2013 II Халықаралық жас суретшілер фестивалі

Автор: Таженова Лейла Мырзалиевна. Опубликовано в Архив 2013

Алматы қаласындағы өткен Арт-Самғау- 2013 II Халықаралық жас суретшілер фестиваліне Ақтөбе қаласының ҚКЛ 6 «а» класс оқушылары Аманжолов Жасұлан, Нұрымова Үмітжан, Келеш Мәди және 2013 жылдың түлегі Мүсірепов Сырым жетекші Таженова Лэйла Мырзалықызымен бірге қатысты.

Бұл фестивалға шет мемлекеттерден I-II курс студенттері мен ұстаздары атсалысты. Олар Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Тәжікстан, Иран, Мысыр және Жапония. Арт-Самғау 2013 II Халықаралық жас суретшілер фестивалі ҚР мемлекеттік қайраткері Темірбек Жүргеновтың туылғанына 115 жылдығына арналған.

Арт-Самғау фестиваліФестиваль номинацияларының тақырыбы :”Еуразия-скиф сарыны”. Фестиваль-байқау-практикумына студенттердің көркем тоқыма, теріні көркемдеп өңдеу, көркем қыш, ағашты көркемдеп өңдеу, металды көркемдеп өңдеу,көркемдеп әшекейлеу номинациялары бойынша жұмыстарын тамашаладық. Фестивалға 65 қатысушылардың көбісі жүлделі орындарға ие болды. Олардың ішінде “Теріні көркемдеп өңдеу” номинациясы бойынша ҚКЛ түлегі Мүсірепов Сырым ең жоғары дәрежелі I орынға ие болды. Алты ынтыландыру сыйлығының ішінен Ақтөбенің ҚКЛ оқушылыры соның үшеуіне ие болды.

Қазылар алқасының құрамында Өзбекстан Республикасының халық суретшісі Худайбергенов Рустам Адамбаевич, сонымен қатар ҚР суретшілер одағының мүшесі Темірбек Жүргенов атындағы КазНАИ ”Сәндік қолданбалы өнері” кафедрасының профессоры Бапанова Сәуле Сыздыққызы қатысушылардың жұмыстарына жоғары баға берді.Ұйымдастырылған фестиваль жоғары дәрежеде өтті. Осыған қарап Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының колледждың дәрежесі жоғары екені көрінді.

Алматыда өткен үш күн өте қызықты өтті. Бірінші күні қатысушылармен ұстаздар Темірбек Жүргенов атындағы колледждың студенттерінің ұйымдастырған коцертін тамашаладық. Содан соң бірінші президенттің атындағысаябағында керемет субұрқақтар, гүлзарларды сонымен бірге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мүсінін тамашаладық. Т.Жүргеновтың коледжнің 3 курс студенттерінің актерлік шеберлігінің ұйымдастыруымен арнайы концертінде болдық. ҚР бірінші елбасы қоры мұражайын араладық. ҚР бірінші елбасы қоры галереясында фестиваль қатысушылары жұмыстарының көрмесі және фестивалдің салтанатты ашылуы өтті. Қала бойынша саяхат жасап, соның ішінде 28 панфиловшылар саябағында және де Әбілқан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында көркем жұмыстарды көрдік .Т.Жүргенов атындағы академияда болғанда “Кескіндеме” факультетінің деканы, профессор Байділда Бауыржан Нұрланұлы біздермен академия ішінде экскурсия жүргізді. Академия оқытушылармен студенттердің жұмыстарымен таныстырды. Фестиваль жоғары дәрежеде өтіп,барлық қатысушыларға көңіл бөлініп, бәрі де дән риза болып қайтты.

21 қыркүйек айындаАлматы қаласында Қазақстан Мемлекеттік мұражайында “Алтын алма” атты Орта Азия қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде шебердердің өз қолдарынан шыққан жұмыстарын тамашаладық. Олар: зергерлік бұйымдар, ағаштан,темірден,теріден жасалған бұйымдар, батик, сырмақ, кілем, кестелер. Әсіресе Ташкенттен қатысқан шеберлердің саздан жасалған қыш ыдыстары көздің жауын алды.

Больше фотографий смотрите на наших страничках в Facebook или Google+