Таңғажайып әсер

Автор: Копжасаров Бакыт Уристемович. Опубликовано в Архив 2013

23-29 маусым аралығында «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында «Таңғажайып әлем» атты Республикалық дизайн шығармашылық студиясына Қалалық көркемсурет лицейінің аз қамтылған отбасынан балалар Қарашов Еламан, Орынова Айдана, Телағысов Ерген, Демисинов Жәнібек жетекші Б.У. Көпжасаровпен бірге қатысты.

Туған өлкем – қандай көркемБасты мақсаты - Республиканың түкпір -түкпірінен келген жас дарындыларды жинап, «Таңғажайп әлем» тақырыбында шығармашылық алмасу. ҚКЛ оқушылары «Ұлттық ойын алаңы» тақырыбында дизайн студиясына макет түріндегі жоба жасап, өте жоғары деңгейде қорғап шықты.

Дизайн студиясының комиссия мүшелері балалардың ұлттық ойын алаңын жоғары деңгейде бағалап, басты идея жақсы екенін білдірді, сондай-ақ «Туған өлкем – қандай көркем» тақырыбына дайындалған тұсаукесерде (слайд) әсіресе оқушылардың орындалған жұмыстары барша қатысушыларды таңдандырды. Бағдарлама барысында балалар ҚР суретшілер Одағының мүшелері көрсеткен түрлі шеберлік сабақтарға қатысты. Алғашқы күні өзін-өзі тану, ізгілік сабақтарын алды. Ә. Қастеев атындағы бейнелеу өнері мұражайында, «Бөбек» ҰҒПББС орталығының планетарийінде, тағы басқа белгіленген мәдени жерлерде болды. ҚКЛ оқушылары Республикалық дизайн студиясына қатысқаны үшін сертификат, «Бөбек» ҰҒПББС- орталығынан арнайы сыйлықтарын, жетекші Б.Р. Көпжасаров белсене қатысқаны үшін «Бөбек» ҰҒПББСО бас директоры Н.И Яковидиден Алғыс хат алды.

Больше фотографий смотрите на наших страничках в Facebook или Google+