Шеберлік класс

Автор: Курманова Нургуль Мухамбетжанова. Опубликовано в Архив 2012

Қалалық көркемсурет лицейінде 2012 жылдың көктемгі демалыс күндері – 28 наурызында балалардың құқығын қорғау Департаментінің өтінішімен аз қамтылған отбасыларының балалары үшін шеберлік кластары өткізіліді.

Шеберлік классЛицейдің қазақ тілінде оқытатын бөлімнің мұғалімдері Құрманова Н.М. «Ермексаздан сурет» және Таженова Л.М. «Квилинг» атты тақырыптарына 27 бала санымен бір топқа тартымды, қызықты шеберлік кластар өткізді. Балалар Н.М.Құрманованың жетекшілігімен қатырма қағаз бетіне ермексазды үзу, бүгу, иректеу, дөңгелету, түстерді араластыруды қолданып сурет салды. Қатысқан балаларға ермексазбен жұмыс таныс болса да, олар ермексазбен аталған жұмыс тәсілдерін жете игерді және өте ұнады.

Л.М.Таженованың түсіндірілуімен «Квилинг» тақырыбына өткізген шеберлік класс балалар үшін жаңашыл әрі қызықты болды. Балалар түрлі –түсті қағазды орау әдісімен әртүрлі әсем бұйымдар жасауға болатынын игерді.